Астанада балаларға арналған кезекті травматологиялық пункт ашылды

Орталықта рентгендік диагностика бөлімшесі, таңу, гипс және емдеу кабинеттері жұмыс істейді.

Астанада №2 қалалық емхананың базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының балаларға медициналық көмек көрсететін қосымша травматологиялық пункт ашылды. Оның ашылуына елорда әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін біз балаларға арналған травматологиялық пунктің ашылуында бас қосып отырмыз. Елордада жарақаттарға шұғыл көмек көрсетуді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жүзеге асырады. Балалар санының артуынан өтініштердің көбеюі мәселесі алдымыздан шықты: биыл 70 мыңнан астам бала №2 балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жүгінді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір асып түсті. Бұл пунктің ашылуы балаларымыздың денсаулығы үшін маңызды», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов.

«Әсіресе, емдеудің негізгі бөлігі жеңіл жарақаттар, көгерулер, т.б. екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты, осы травматологиялық пунктің ашылуы №2 МГДБ жанындағы негізгі травматологиялық пункке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және осылайша балалар уақытылы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда, балалар №2 МГДБ мамандандырылған травматологиялық бөлімшесіне жеткізіледі, онда оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», – деді Әлия Рүстемова.

Айта кетейік, орталықта рентгендік диагностика бөлімшесі, таңу, гипс және емдеу кабинеттері жұмыс істейді. Бөлімшенің дәрігерлік құрамында тәжірибелі травматолог пен медициналық персонал бар.

Сонымен қатар, бүгінде қалалық емханаларда №4, 5, 6, 7, 9, 10 сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жарақат алған балаларға шұғыл көмек №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында көрсетәледі, ол тәулік бойы елорда тұрғындарына шұғыл, жоспарлы хирургиялық, травматологиялық көмек көрсетеді.