Ерлан Қошанов: Балалардың игілігіне бағытталған жұмыс жалғасын табады

Бүгін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.  

«Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт   Тоқаев осы ақжолтай жаңалықпен бөлісіп, тұтас ұлт болып қуанып жатырмыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Сонымен қатар Президентіміз Ұлттық қордан балаларға арналған қаражат төлеу мәселелері бойынша заңға қол қойды. Бұл маңызды заңның дәл бүгін бекітілуінің символдық мәні зор.

Алдағы уақытта да балаларымыздың игілігіне бағытталған жұмыс жалғаса береді», – деді Ерлан Қошанов. 

Айта кетейік, бұған дейін «Отбасы банк» 20 миллионшы 5 нәрестеге 2 миллион теңгеден беретінін хабарлаған болатынбыз.