Марат Ахметжанов 20 миллионшы сәбиге 2 миллион теңге сыйлады

Жер шоқтығы, еліміздің көрікті аймағы Бурабай ауданында Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны жарық дүние есігін ашты.

Қазақстан бойынша 5 бірдей бала бір уақытта дүниеге келгендіктен, 20 миллионыншы азамат ретінде мерейтойлы тұрғын атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Өмірге жаңа қадам басқан 20 миллионыншы сәби энергетик Айдар мен Динара Исеновтардың  отбасын қуанышқа бөледі. Дәрігерлердің айтуынша, баланың анасының жүктілігі қалыпты жағдайда өткен. Қазіргі уақытта бала мен ананың жағдайды қанағаттанарлық.

Еліміздің 20 миллионыншы сәбиін Ақмола облысының әкімі арнайы барып құттықтап қайтты. 

«Бүгін Мемлекет басшысы, Қазақстан  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты еліміздің 20 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуімен құттықтады! Осынау атаулы оқиғаға біз де қуаныштымыз. 

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып өмір есігін ашқан перзенттің Ақмола облысының ерекше бір көркем, көрікті, сұлу жері Бурабайда дүниеге келуі біз үшін тіпті ерекше сый! Ол қай жерде туылса да – бұл бүкіл Қазақстан халқының қуанышы. Мемлекет денсаулық сақтау мен білімге көп көңіл бөледі, біздің балаларымыз жақсы білім мен медициналық көмек ала отырып, қолайлы ортада өсуі керек. Бұл – Отанымыздың тұрақтылығы мен өркендеуінің жарқын айғағы", – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

 

Қос қуанышқа ие болған отбасының бұл – екінші сәбиі. Дүниеге келген қыз баланың есімі – Ясина. Ол 4 келі 140 грамм болып туған. Бойы – 57 сантиметр. 

"Біздің отбасымыз үшін бұл күтпеген және өте қуанышты күн! Бұл – біздің екінші баламыз! Баршаңызға бейбіт өмір тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыздың бақытты отбасында және бейбіт мемлекетте өсуіне ықпал етеміз", – деді отағасы Айдар Исенов.

Қазіргі уақытта ана мен сәбиі перзентханада. 

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 9 604 бала дүниеге келді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы