Астанада корей дәстүрлі қолөнері мен ұлттық музыкасын біріктіретін көрме ашылып, әдетте корей операсы саналатын «пхансори» ұлттық жанры мен «каягым санжо» дәстүрлі инструменталды аспабының қойылымдары өтті.
Елордада ерекше көрме ашылды
1,052
оқылды

Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-Ик бұл іс-шарада қонақтар дәстүрлі корей мәдениетімен жақынырақ таныса алатынын айтты. Сондай-ақ ол болашақта K-POP, дорама, аниме сияқты танымал бағыттар мен дәстүрлі мәдениетті кеңінен таныстыратын түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.

Nur Alem болашақ энергиясы мұражайында ашылған K-Maestro көрмесі 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Аталмыш көрме дәстүрлі корей халық музыкалық аспаптары мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларын біріктіретін жоба. Корея Республикасы елшілігінің корей мәдени орталығы бұл шараны Кугак Корей дәстүрлі музыкасының мемлекеттік орталығы және QazExpoCongress ҰК АҚ бірлесіп ұйымдастырып отыр. Көрмеде екі экспозиция бар: дәстүрлі «мэдып» және «падон» элементтерінің, яғни жарық пен дыбысқа толы металл бұйымдарының экспозициясы. Көрмеге келушілер мониторлар арқылы әр экспозицияға сәйкес келетін корей дәстүрлі музыкалық қойылымының жазбасын тамашалай алады. Бұл қойылымды буклеттердегі QR-код арқылы да көруге болады. 

Көрме Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт өнерпаздарының дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптары – жетіген және қобызбен орындауындағы концерттік номермен ашылды. Кореядан келген артистер Кореяның каягым ұлттық музыкалық аспабында орындалатын санджо дәстүрлі музыкасымен тәнті етті. Сондай-ақ Корей дәстүрлі вокалдық өнерінің пансори қойылымын ұсынды. Екі ел артистерінің бірлесе орындаған «Ариран» корей халық әні де ерекше әсер қалдырды.