Ресейде губернатор болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды

Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

2018 жылға дейін 20 жыл Кемерово облысын басқарған Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабарды аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте желісіндегі парақшасы арқылы жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы болған Аман Ғұмырұлы Төлеев өмірден өтті. Ол бар ғұмырын Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше адам. Бұл – орны толмас қаза. Біздің аймақтың тұтас дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір теміржолындағы қозғалысты бөгеп, рельсте отырған қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты», – деп жазды ол.