Астанада күн күрт суытып, 29 градус аяз болады

8 желтоқсан түнде 27-29 градус аяз болады.

Астанада күн күрт суытады, - деп хабарлайды Kazinform Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Астана қаласы Төтенше  жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дерегіне сүйене отырып ескерту жариялады.

Оған сәйкес алдағы үш күн ауа райы кенеттен суытады.

Астанада желтоқсанның 6-сынан 7-сіне қараған түні ауа температурасы 1-3 градус аяздан 23-25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

8 желтоқсан түнде 27-29 градус аяз болады.