Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
СҚО-да 30 градус аяз болып тұр. Сондықтан 0-11-сынып оқушылары бүгін сабақты онлайн оқиды.
Синоптиктер қатты аяз бірнеше тәулікке созылатынын айтты.
ШҚО Білім беру басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсанда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар ауылдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды.
«Күршім ауданы Төсқайың ауылындағы мектепте 1-2 ауысымның 1-11-сынып, Самар ауданы Амангелді ауылындағы мектепте 1-9-сынып, Күршім ауданы Барақ Батыр, Шанағаты ауылдарындағы және Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы орта мектепте 1-4-сынып оқушылары мектепке бармайды», – делінген ақпаратта.