Астанада осы бағдарламаның 30 жылдық мерейтойына келген ең үздік түлектер «Болашақ» стипендиясының басты логотипін өзгертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
КТК-ның жазуынша, ұйымдастырушылар негізгі нышан ретінде қарлығаш құсын таңдауымызда мән бар деп отыр. Алысқа кетсе де, ұясына ұшып келетін қарлығаштай «Болашақ» түлектері де еліне сағынышпен оралады деген тәмсіл жатыр астарында.
Соңғы бес жылда бағдарлама медициналық, техникалық кадр дайындауға бағытталған. Сондай-ақ әлемнің ең озық ғылыми орталықтарына ғалымдарымыздың барып тәжірибе алмасуына жағдай жасалып жатыр. Жалпы, осы уақыт ішінде 12 мың түлек «Болашақ» стипендиаты атанған.
"270 түлек шынымен де ұшып келмеген. 15 мың түлектің ішінде ол 1 пайыздан да кем болып есептеледі. Бірақ ұшып келмесе де, сол қарлығашымыздың ұясы елімізде тұрады ғой. Қарлығаш құсындай шетелге ұшып, ұясына қайтып келетін мағынада. Біздің де түлектеріміз тәжірибелерін жинақтап, өз ұясына оралады деп ойлаймыз", – дейді «Болашақ» бағдарламасының президенті Әлия Оспанова.