Қостанай облысында өзен арқылы өтпек болған екі тұрғын суға батып кетті

Оларды полицейлер мұз астынан шығарып алды.

16 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кетті. Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен, – деп жазды Aikyn.kz.

"Құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды. Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді. Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды", – делінген ІІМ мәліметінде.

Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды.