Шавкат Рахмонов таңданысымды тудырды – UFC басшысы

Бұл – Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алтыншы жеңісі.

UFC 296 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (18-0) UFC басшысы Дана Уайтты таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Әу бастан-ақ Шавкат шабуылдың орнына грэпплингті қолданғанда таңданысымды тудырды. Иә, Шавкат жақсы көрінді. Оның грэпплингті қолдануды ұйғарғанына және Томпсонды торға итере бастағанына таңғалдым", – деді Уайт.

 Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық үшін келесі жекпе-жек титулдық жекпе-жек бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз.