Маңғыстау облысында барлық жолдар жабылды

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Маңғыстау өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр соңы қарға ұласты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жолдарда көктайғақ орын алды. Осыған орай көліктің барлық түріне шектеулер қойылды. Аталған жол учаскелеріне 12 бірлік техника жұмылдырылды", – деп жазды ведомстводан.

Қазіргі таңда көктайғаққа қарсы материалдарды жолға себу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы ретте өкілетті органдар жүргізушілерді алыс сапарға шықпауларын сұрайды.