Қар, бұрқасын, көктайғақ: 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады.

Республиканың солтүстік-батысында толассыз қалың қар жауып, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын болады. Тек солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлеріне жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Қазақстан бойынша бұрқасын соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.  

Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста тұман түседі.