Пара берген: Екі өгей қызын зорлаған педофилдің адвокаты да сотталып кетті

Екі өгей қызына қатысты зорлық-зомбылық туралы іс бойынша адвокат педофилдің мүддесі үшін жәбірленушіге пара бергені үшін айыпталды.

"Патриот" ақпарат көзі жазғандай, адвокат 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қорғаған педофил өмір бойына сотталған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін 53 жастағы Теміртау тұрғыны екі бірдей өгей қызын зорлағаны туралы ақпарат тараған. Анасы жұмыста болған кезде ол апалы-сіңлілерді бірнеше ай бойы қорқытып, зорлаған. Оның кішісі – 11 жаста, үлкені – 14 жаста.

Бұл туралы қыздардың анасы жария етіп, Қарағанды ​​облысының Полиция департаментіне көмек сұрап жүгінген.

Тергеу мен соттың қорытындысына сәйкес, айыпталушы адвокаттан бұрынғы әйелі мен өгей қыздары берген айғақтарын оның пайдасына өзгертуі үшін пара беруін сұраған. Мұны анықтаған полицейлер адвокатты жәбірленушіге пара берді деген күдікпен ұстады.

Теміртау тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкімді Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы соты шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Адвокаттың үкімі 15 желтоқсанда жарияланған. Іс материалдарына сәйкес, ол қыздардың анасына 2 900 доллар және 6 500 000 теңге берген. Қалған ақшаны сотта зорлаушының пайдасына сөз сөйлеген соң алатындарын да айтқан. Адвокат өз қызметі үшін 3100 доллар алған.

36 жастағы адвокат Қылмыстық кодекстің 422-бабының 1-бөлігі "Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу" бойынша кінәлі деп танылып, оған ең төменгі қауіпсіздік режимінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.