Өскеменде мас ер адам дүкеннен шырша ұрлаған

Бұл туралы полицияға дүкеннің иесі шағымданған.

Бейнебақылау камераларының арқасында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өскеменнің бұрын сотталған 49 жастағы тұрғыны мас болған. Ол дүкеннің сөресінен өзіне қатты ұнайтын жасанды шыршаны көріп қалып, оны пәтеріне қою үшін алып кеткен.

Оқиға туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі "Дорожный контроль" парақшасында жарияланғаннан кейін белгілі болды, онда арызданған кісі Өскемен Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдеріне алғыс айтқан.

"Полиция қызметкерлеріне көп рақмет, олар менің шыршамды мұнша тез тауып алады деп ойламадым! Шынымды айтсам, тіпті үміттенбедім де! Рақмет!" – деп жазды облыс орталығының тұрғыны жазбаға.

Zakon.kz-тің жазуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы  1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.