"Көктайғақ, екпінді жел, тұман": 26-28 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды.

«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.

Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді.

26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады.

Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды.