Инклюзияны іске асыру тетігі ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға практикалық көмек көрсету үшін инклюзивті білім беру бағдарламалары мен әдістемелерін дамытып қана қоймай, қолдау керек. Осы мәселеге байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева және «Қазақстан Республикасының мүгедектер ассоциациясының» төрайымы Жанат Омарбековалар «Ерте араласу жобасы», «Тең мүмкіндіктер әлемі» фестивалі, «Құрдастан құрдасқа» жобасын жүргізіп, оларға толыққанды көмектесіп жатыр.
– Мәселен, «Ерте араласу жобасы» – бұл біздің елімізде белсенді дамыған баланы оңалту немесе психологиялық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау емес. Ерте араласу баланың функционалдық қызметін дамытуға бағытталған. Мысалы, дамуы тежелген бала ерте көмектің нәтижесінде жүре бастауы мүмкін, бірақ оған ұсақ моториканы дамыту үшін түзету қолдауы және қозғалысты үйлестіру үшін физикалық оңалту қажет болуы мүмкін. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, 0-ден 3 жасқа дейінгі балалар арасында ерте араласу қажеттілігі 10%-ды құрайды, яғни балалардың 10%-ы үнемі ерте араласу бағдарламаларын қажет етеді.
«Құрдастан құрдас» жобасы статистикаға сәйкес, әр мектепте 5-тен 15-ке дейін ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар бар, олар үйде оқиды, яғни педагогтер осы санаттағы балаларға сабақ өткізу үшін үйлеріне келеді, – деді депутаты Наталья Дементьева.
Оның айтуынша, проблеманы шешу үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өз құрдастарымен қарым-қатынасы үшін алаң құра отырып, бірқатар әлеуметтік, оқыту және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру арқылы мектептің және үйде оқитын балалардың сыныбын әлеуметтік өмірге қосу моделін пайдалану ұсынылған.
"Осы жобадан үйде оқитын балалар қарым-қатынас жасау, дос табу, ынтымақтасу, проблемаларды шешу сияқты әлеуметтік дағдыларды, яғни табысты өмір сүруге қажетті дағдыларды дамытады деп күтеміз.
• олар өздерін қоғамға қосылғанын сезінеді, оқшаулау сезімі кетеді.
• өзіндік қасиет пен өзіне сенімділік сезімін дамытады.
«АМАНАТ» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» балалар инклюзивті спорттық фестивалін өткізу жоспарымызда бар.
Фестивальдің тарихы 2017 жылдан бастау алады. Астанада алғаш рет 83 мектептің базасында «АМАНАТ» партиясының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» фестивалі өткізілді. 2018 және 2019 жылдары Астанада Оқушылар сарайының негізінде өткізілді. 2019 жылы Астана балаларынан басқа фестивальге Шымкент, Алматы қалаларының балалары қатысты.
Инклюзивті спорт фестивалі – бұл ерекше қажеттіліктері бар оқушылар мен дені сау балалар арасында достық және ұзақмерзімді байланыс орнатуға бағытталған спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізудің жаңа тәсілі", – дейді ол.
Фестиваль аясында ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтеріне арналған бейімделген денешынықтыру және спорт бойынша шеберлік сыныптарын өткізу денешынықтыру сабақтарында балалармен жұмыс істеу дағдылары мен кәсіби құзыреттерін арттыруға ықпал етеді.
Бұл жобаларды іске асыру инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді, онда қоғамның барлық мүшелері тең, бір-біріне достық қарым-қатынаста болады. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар интеграцияланған, олардың әлеуметтік дағдылары барынша дамыған, қауіпсіз орта мен барлығы үшін болатын орта қамтамасыз етілген қоғам құруға мүмкіндік жасайды.