2024 жылдан бастап жеке құжатты тез дайындау ақысы арзандайды

Сонымен қатар паспорттарды алу ақысында да оң өзгерістер бар. Мәселен, балаларға паспорт әзірлеу құны 50 пайызға дейін кеміді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау қызметінің ақысы арзандайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары мен облыс орталықтары үшін бір жұмыс күнінде құжатты әзірлеу ақысы 3011,12 теңгені құрайды (4 983 теңге болған); үш жұмыс күні ішінде - 1581,14 теңге (2 752 теңге) болды.

Жаңа жылдан кейін аудандар мен облыстық маңыздағы қалалары үшін құжатты 7 жұмыс күні ішінде әзірлеу ақысы 605,31 теңгені (1 116 теңге болған) құрайды.