Анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жасар қыз табылды

Ол қалаға жеткенде көлікте ұйықтап жатқан қызын тастап, Райымбек даңғылы бойынан түсіп қалған.

Анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жасар қыз табылды. Бұл туралы "Лидер" еріктілер қозғалысының әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды, – деп хабарлады Aikyn.kz

Еріктілер айтуынша, 2 қаңтарда сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді әйел Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шыққан. Ол қалаға жеткенде көлікте ұйықтап жатқан қызын тастап, Райымбек даңғылы бойынан түсіп қалған. 

Бүгін көлік жүргізушісі баланы полиция бөліміне әкелді.