Бауыздап кеткен: Талдықорғанда екі адамның денесі табылды

Аталған жағдайды Талдықорған қаласының Полиция басқармасы растады.

Әлеуметтік желіде Жетісу облысындағы жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Krisp.tdk Instagram парақшасында жазылған дерекке қарағанда, оқыс оқиға Талдықорған қаласындағы Ақбастау көшесінде болған.

Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді,  деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.