Жезқазғанда 55 жастағы азамат көліктен ақша ұрлаған

Оның қылмысы бейнекамераның көмегімен анықталды.

23 жастағы қала тұрғыны ұрлық оқиғасы жайында полицияға арызданған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол көлігін ашық қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті 250 мың теңге мен банк карталарын жымқырғаны белгілі болды.

Дүкенге орнатылған бейнекамераға ұрлық сәті түсіп қалған.

Осылайша, полицейлер күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру  шарасы барысында 55 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Айғақты заттар алынды.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.