Балаңызға қатысты деректер eGov.kz порталынан табылмаса, не істеу керек?

Биылдан бастап қазақстандық әр бала Ұлттық қордан төлем алады.

Бүгінде eGov mobile мобильді қосымшасы деректер базасында тіркелген барлық балаларға қатысты мәліметті көрсетіп тұр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алайда деректер қате болатын немесе мүлде табылмай қалатын жағдайлар да кездесіп жатыр.

"Сирек жағдайларда балалар туралы ақпарат ата-аналардың цифрлық құжаттарында жоқ немесе дұрыс көрсетілмейді, бірақ бұл олар төлем алмайды дегенді білдірмейді. Бұл тек ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың анықталмағанын білдіреді", - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері.

Ақпаратты түзету үшін eGov Mobile қосымшасын соңғы нұсқаға жаңарту керек, цифрлік құжаттардағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «баланы қосу» түймесін басу керек. Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.

Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады.