Оралда ірі жол апаты болды, адам шығыны бар

Оралда бір сәтте үш автокөлік соқтығысқан.

Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», — деді Е.Уәлиев.