Павлодарда 21 жастағы қыз жоғалып кетті

Жоғалған қыздың мұрнында мең бар.

Павлодарда 21 жастағы қыз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aiqyn.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 Vita  іздестіру тобының мәліметінше, 8 қаңтар күні "Лесозавод" шағынауданының Грушевая көшесі, 1 мекенжайынан шыққан 21 жастағы қыз қайтып үйіне келмеген. Бойы – шамамен 150 сантиметр, дене пішімі арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді.

«Оның үстінде ұзын қара күртеше, джинсы, қара баскиім қызғылтсары белгісі бар, сұр кеңжейде, қара угги аяқкиім болған», – дейді еріктілер. 

Айта кету керек, жоғалған қыздың мұрнында мең бар. 

Жоғалған қызды көргендер болса, 8(747) 615-55-63   немесе 8(777) 334-82-01 нөміріне хабарласа алады.