Төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында – 3 учаске
1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км, Қостанай обл. шек. – Сұрған – 28 км.
2. «Жезқазған-Петропавл» 537-552 км Бұзылық а. – Сұрған а. – 15 км.
3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 70-82 км, Ақсай а. – Бұзылық а. – 12 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді (Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Ақтөбе облысында – 2 учаске
1. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-185 км, Қандыағаш қ. – Шұбар а. – 88 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 89-234 км, Т.Жүргенов а. – Қостанай обл. шек. – 145 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
Қостанай облысында – 7 учаске
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 386-503 км, Денисовка а. – Рудный қ. – 117 км.
2. «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шек.» 0-137 км, Денисовка а. – РФ шек. – 137 км.
3. «Екатеринбург-Алматы» 418-539 км, Қарабалық а. – Қостанай қ.– 121 км.
4. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-386 км, Ақтөбе обл. шек. – Денисовка а. – 152 км.
5. «Екатеринбург-Алматы» 555-729 км, Тобыл қ.- СҚО шек. – 174 км.
6. «Мамлютка- Қостанай» 180-404 км, СҚО шек. – Тобыл қ. – 224 км.
7. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 8-232 км, Тобыл қ. – Ақмола обл. шек. – 224 км. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске
1. «Екатеринбург-Алматы» 729-768 км, Қостанай обл. шек.-Тоқсан би а.– 39 км.
2. «Мамлютка-Қостанай» 103-180 км, Пресновка а. – Қостанай обл. шек – 77 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 777 бірлік техника және 1466 жұмысшы жұмылдырылды.