Арыз түскен: FIFA Қазақстанның 7 футбол клубын жазаламақ

Ол командалардың тізімі де шықты.

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет айтты, деп жазады Aiqyn.kz.

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен. 

“Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті, Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр”,  деп жазды журналист. 

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі: 

"Қайсар" - 1

"Оқжетпес" - 1

"Ақсу" - 2

"Тараз" - 4

"Шахтер" - 5

"Каспий" - 7

"Тұран" - 8