Павлодар облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Көпір үстінде Mitsubishi маркалы автокөлік Volvo автобусын басып озып, қарсы жолақта Audi жеңіл көлігімен соқтығысқан.

Павлодар облысында Екібастұз бен МАЭС-1 стансасын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін МАЭС-1 стансасына апаратын автожолдың бойында болған.

"Көпір үстінде Mitsubishi  маркалы автокөлік Volvo  автобусын басып озып, қарсы жолақта Audi  жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан Audi  көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр",  делінген хабарламада.