Жетісу облысында жер сілкінісі болды

Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін сағат 22:08-де тіркеген.

Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта күші 3 баллға дейін жеткен жерасты дүмпуі тіркелді, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Жер сілкінісінің ошағы – Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.