Дубайда шапқан сәйгүлік

Күні кеше батысқазақстандық атбегі Тілек Мұхамбетжановтың Кабирхан атты сәйгүлігі Бірікке Араб Әмірліктерінде, яғни Дубай­дағы атақты «Мейдан» иппо­дромын­да өткен бәйгеден әлемдік жарыста топ жарып, бас жүлдені иеленді.

Беделді бәйгеде қазақстандық тұлпар Кабирхан жеңіске жетті. Екі шақырымдық жарысқа 13 жылқы қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сы­зығын бірінші болып кесті. Қазақ­станның атынан қатысқан тұлпар Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл – сенсация! Кабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиев – белгілі атбегі Батыс Қазақстанның тумасы.

«Тұлпарым үшін өте қуаныш­тымын. Бұл менің ғана қуанышым емес, бүкіл Қазақстанның мәрте­бесін арттырған жеңіс болды. Өйт­кені ел болып тілеуін тілеп, жан­­күйер болды. Сондықтан бұл – ортақ жеңіс», – дейді.

Жалпы, тұлпардың статистикасы таңғаларлықтай. Тұлпар бұған де­йін 9 жарысқа қатысып, 8 рет бірін­ші және 1 рет екінші орын алған. Дубайдағы жеңіс – ең үздік нәтиже. Елді елең еткізген жетістікке әлемдік жарыста Қазақстанның аты тұңғыш рет жетіп отыр. Сондық­тан бұл – біздің еліміз үшін тарихи жеңіс. Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.