Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Qazaqstan.tv хабарлауынша, 30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.
«Нәтижесінде, науқас клиникалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген», - делінген хабарламада.
Дәрігерлер қазір бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
«Жас қыздар, келіншектер арық болып жүргенді дәреже көретін сияқты. Арықтататын дәрі ішіп, жүрегі тоқтап қалған қызды біздің мамандар 8 минутқа жеткізбей есін жинатып алды. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында қыз бала аман қалды», - дейді Мейрамгүл Кенжебаева.