Бұрқасын, көктайғақ: 18 қаңтар күні ауа райы қандай болады?

18 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуінен ауа райының құбылмалы сипаты болжанады. Жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялап отыр. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында тұманды болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында – тұман, тау асуларында жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысында көктайғақ болады. Өңірдің басым аумағында тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігі мен шығысында – көктайғақ, батысында, солтүстігі мен орталығында тұман болжанады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен жел соғады, өңірдің оңтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде – бұрқасын, өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.