Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокатына қатысты сот талқылауы басталды

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына – аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына – аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды. Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады», – деп жауап берді сот агенттік сауалына.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасуда. Сотта екі эпизод – «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралып жатыр.

Былтыр 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.