Орал-Атырау тасжолында жол апаты: бір бала мен екі ересек адам қаза тапты

20 қаңтар күні сағат 17.00 шамасында Самал ауылының маңында ірі жол апаты болды.

Оқиға салдарынан бір бала мен екі ересек адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Mazda CX-7 жеңіл көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қандай да бір себептермен қарсы жолаққа өтіп кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

"Mazda көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында 40 жастағы әйел мен 12 жастағы бала бар. Тағы 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Олардың бәрі Өзбекстаннан", - деп жазды аймақтық"Мой город" сайты.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.