Абай облысында 1-ауысымдағы оқушылар үйден оқиды

Сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

22 қаңтар күні Абай облысына қарасты кей мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақ онлайн өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бородулиха ауданындағы 6 мектептің 1-11-сынып оқушылары

Көкпекті ауданындағы 15 мектептің 1-11-сынып оқушылары

Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11-сынып оқушылары

Бесқарағай ауданындағы 1 мектептің 1-11-сынып, 3 мектептің 1-9-сынып, 1 мектептің 1-4-сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.