-30 градус аяз: 23-25 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 градус аяз болады.

Синоптиктер 23-25 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алдағы үш күнде республиканың бүкіл Батыс жартысына Батыс антициклоны ықпал етеді. Салдарынан жауын-шашын, қарсыз аязды ауа райы болады. Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.  Бұл циклон ықпалына сәйкес жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боранды жел күшейеді", – дейді синоптиктер.

Синоптиктер ауа райы бұзылып, аяз болатынын ескертті.

"Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аяз, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 градус аяз болады. Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +5, түнде -5 градусты көрсетсе, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аяз болады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.