Жетісу облысында жол апаты салдарынан бір адам мерт болды

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Жетісу облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Кербұлақ ауданындағы Алматы – Өскемен автожолының 132 шақырымында болды.

62 жастағы Daewoo Damas көлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, бір бағытта келе жатқан W06159-220 жүк көтергіш техникасымен соқтығысты. Daewoo Damas жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өңір полициясы ҚР-ның жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзбауға, жолдардағы көлік құралдары арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға шақырады.