Атырау қаласының экс-әкімі үйқамаққа шығарылды

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев үйқамаққа шығарылды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қарашадағы қаулы бойынша Қ.Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Атырау облысы прокурорының өтінішхаты бойынша Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының  2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Қ.Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді» , - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Оразбаев былтыр 9 қарашада қамауға алынды. 

Баян Жанұзақова