Тұман, қар, көктайғақ: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.