"Қазгидромет" 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жауын-шашын жауады.
Ал оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Сондай-ақ ел аумағында тұман және көктайғақ болып, боран соғады, жел күшейеді.