«Жеңісімнің бастамасы»: Айшолпан Тілеутай операциядан кейінгі өзгерісті айтты

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

Асқазанына екі рет операция жасалған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында Ыстамбұлда 8 келіге арықтағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

«Қайырлы кеш, баршаңызға! Ыстамбұлға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше – 8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым»,  деп жазған ақын. 

Сонымен қатар ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.

«Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!», деп жазған ақын.