Жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00.20 шамасында болған Жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Нұрболат Нұрымұлы Дакебаев ұсталды.
Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.