Әйелге махаббатыңды қалай сыйлау керек? – Мұхамеджан Тазабек жолын айтты

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын, теолог Мұхамеджан Тазабек отбасы құндылықтары жайында курс өткізбек.

Қазіргі таңда психология тақырыбында түрлі курстар сатып, онлайн және офлайн тренингтер өткізіп жүрген Мұхамеджан Тазабек енді отбасындағы проблемаларға назар аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Әйелге сен адал болсаң, әйеліңді асырасаң, оған тұлғалық қасиетіңді салып, әйелге екі нәрсе сыйлай алсаң. Бірінші – махаббат, екінші – жүрегіне сенім сыйлай алсаң, үрейленіп ертең шаңырағым шайқалып кетпей ме деп уайымға салмай, әйел адамның жүрегіне сенім орнат, – дейді теолог.