Түркістанда жалдамалы пәтерден 2 баланың мәйіті табылды

Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

 Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын,  деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.