Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында – 18 учаске;
Ақтөбе облысында – 11 учаске;
Алматы облысында – 1 учаске;
Жетісу облысында – 1 учаске;
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске;
Қарағанды облысында – 9 учаске;
Қостанай облысында – 9 учаске;
Қызылорда облысында – 1 учаске;
Павлодар облысында - 6 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында – 6 учаске;
Ұлытау облысында – 3 учаске.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 607 бірлік техника және 1122 жұмысшы жұмылдырылды.
Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар https://kz.qaj.kz/s/.
Бұған дейін Астанада синоптиктер ескерту жариялаған еді.