Жамбыл облысында нан 20 теңгеге қымбаттады

Бұған дейін дүкен сөрелерінде нан 100 теңгеден сатылса, енді 120 теңгеден саудаланады.

Бұған бірнеше себеп бар. Негізгісі - наубайханаларға әкімдік тарапынан беріліп келген дотациялық ұнның ақпан айынан бастап тоқтауы, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның үстіне, нан шығаратын нысандардың әбден тозығы жеткен. Құрылғыларын жаңартып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек.

"Сондай-ақ кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші", деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, былтыр қарашада нан 120 теңгеге қымбаттап, артынша қайта 20 теңгеге түскен болатын.