"Қазгидромет" синоптиктері 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады.
Қазақстанның батысында қатты қар жауып, бұрқасын болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі.