15 ақпан күні таңғы сағат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылып, өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тексеру және барлау жұмыстары кезінде үйінді астында қалған адамдардың орналасқан жері анықталды.
Оларды шығару үшін үйіндіні бөлшектеп жатыр.
Жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.
23 адам, 5 техника оқиға орнына бара жатыр.
Сағат 08.44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. Әзірге жағдайы нақтыланып жатыр.
Оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар.
Жұмыс жалғасып жатыр.
ТЖМ сағат 09.08 кезінде өрт оқшауланғанын мәлімдеді.