Астанада 40 тонналық екі контейнер өртке оранды

Тосын оқиға туралы елордалық ТЖД мәлімдеді.

Бүгін таңғы сасағат  04.59 шамасында Астана қаласының Байқоңыр ауданында қоймада 40 тонналық екі контейнерді жалын шарпыған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты қамтыды. 

Таңғы сағат 07.06 кезінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген мәлімдемеде.

ТЖД жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмылдырылған.