Жеті облыста деструктивті діни ағымдарға қатысты күрес басталды

Өткізілген шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, - деп жазады Aikyn.kz.

"17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады", - деп жазды ҰҚК-дан.

Өткізілген шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.