Еліміздің сегіз облысында ауа райына байланысты 15 жол жабық тұр

17 ақпан сағат 10.00-де қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі 15 тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды жабуға қалың қар, боран мен көктайғақ себеп болып отыр. Біраз аймақтарда алда ештеңе көрінбейді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абай облысында жалпы ұзындығы 411 шақырым болатын екі автомобиль жолында: 

1. «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау мен Боғас арасы

2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас» — Аягөз бен Боғас арасы

Алматы облысында жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

1. Алматау турбазасына кіреберіс аймақ

2. «Алматы-Ташкент-Термез» — Жаңақұрылыс-Жамбыл облысы шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 589 шақырым 4 автомобиль жолында:

1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка мен Риддер арасы

2. ⁠ Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман бұлағы 

3. «Омбы-Майқапшағай» — Абай облысы шекарасынан ҚХР шекарасына дейін

4. ⁠ «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр мен Марқакөл арасы

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 174 шақырым бір жолда 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы облысы шекарасынан Кенен ауылына дейін. 

Қозғалыс балама жол — ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асады.

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. «Үшарал-Достық» Көктума мен Достық арасы. 

2. ⁠ «Сарыөзек-Көктал» Алтынемел асуы

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автомобиль жолында 

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау облысы шекарасынан Арқалыққа шейін. 

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» Возвышенкадан Рощинское ауылына дейін.

2. ⁠ «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы, Кішкенекөл мен РФ шекарасы арасы. 

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым бір жолда

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытаудан Қостанай облысы шекарасына дейін. 

Республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылған.