Алайда кедендік бақылауды жүргізу кезінде Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті шекаралық бақылау бөлімшесінің және Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Грузия Республикасы азаматының чемоданынан 90 000 АҚШ доллары мөлшерінде кедендік бақылаудан жасырылған ақшалай қаражат табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аzh.kz сайтының жазуынша, анықталған 100 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат "ДХЛ ИНТЕРНЕЙШНЛ Қазақстан" ЖШС УСҚ-ға қабылдау-тапсыру актісімен орналастырылды.
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің күні белгіленген бағамы бойынша есептелген сомада әкетуге тыйым салынады.